Үкімет

Қарабалин: ҚР-дағы Қытайдың мұнай компаниялары жаңа экономикалық шарт бойынша қызметкерлерді қысқартпаудың қамын қарастырып жатыр

ҚР-дағы Қытайдың мұнай компаниялары жаңа экономикалық шарт бойынша қызметкерлерді қысқартпаудың қамын қарастырып жатыр.Бұл жөнінде Х KAZENERGY Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 15:18

 «Егер, алдағы уақытта мұнай бағасы арзандайтын жағдайға қатысты шаралар қабылдау туралы айтар бослам, біз бұл жөнінде Қытай компанияларымен тек бірлескен кәсіпорындарымыз бар жерде ғана талқылаймыз. Ал әрқайсысымыз бұл мәселе бойынша өз тәжірибемізді, өз білімімізді қолданамыз. Біз қытайлық әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істеп жатқан компанияларда шығындар айтарлықтай қысқарды. Әрине, бұл орайда капиталдық салымдарды да азайту қажет. Бұл кез-келген мұнай компаниясындағы қалыпты жағдай», - деді ол.

Ұ.Қарабалин атап өкендей,  «біздің қалыптан тыс жасап жатқан басты әрекетіміз – министрліктер, үкімет секілді біз де Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің елімізде жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларын жұмысшыларды қысқартпауға шақырып жатырмыз».

«Еңбекақыны төмендетпеу және жұмысшыларды қысқартпау үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бұл оңай іс емес. Себебі, еңбекақы қоры өзіндік құнда айтарлықтай үлеске ие. Бірақ, біздің министрліктер мен үкіметтің бұл тапсырмасы мен өтініші берік. Бүгінде бұл компанияларда қысқартулар жоқ», - деді Ұ.Қарабалин.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика