Үкімет

Г.Әбдіхалықова: Біз әр қазақстандық отбасындағы әйелдің жұмыс істеуіне және дамуына ұмтылып жатырмыз

Біз әр қазақстандық отбасындағы жұмысқа қабілеті бар әйелдің жұмыс істеуіне және дамуына ұмтылудамыз, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Астанада өтіп жатқан X KAZENERGY Еуразиялық форумында.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 15:03

«Бірінші кезекте бірнеше тақырыптарды атап өтсем деп едім. Біріншісі – бұл әйелдің денсаулығы, әйелдер өлімін төмендету. Мұнай секторындағы энергетика саясы аясында бұл өте маңызды, себебі бұл салда көбіне әйел заты жұмыс істейді. Екіншісі - дені сау отбасы. Жақында ғана Елбасының бастамасымен «Мерейлi отбасы» байқауы өтті. Онда бас жүлдені Маңғыстау облысынан мұнай секторындағы Күлсариевтар отбасы жеңіп алды. Бұл да энергетиктердің жеңісі», - деді Г.Әбдіхалықова.

Осы ретте, Мемлекеттік хатшы атап өткендей, әйелдерді жұмыспен қамту және әйелдердің кәсіби біліктігіне қатысты мәселелер шешімін табуы керек.

«Үшіншісі, дағдарыс жағдайында әйелдердің жұмыс өнімділігі мен кәсібилігіне қатысты мәселе туындап отыр. Біз әр қазақстандық отбасындағы жұмысқа қабілеті бар әйелдің жұмыс істеуіне және дамуына, өмір бойы үйренуіне ұмтылудамыз. Мен бұл форум аясында аталмыш тақырып талқыланып, әрқашан жіті назарда болғанын қалаймын», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика