Өңірлер

Астана қаласында ШҚО күндері өтеді

2015 жылы 3-4 қазан аралығында аймақаралық келісім аясында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл күндері елорда тұрғындары облыс ұжымы ұйымдастырған көрмені тамашалап, концерттің бағдарламаларды тамашалайды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 20:28

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, Мәдениет күніне шығысқазақстандықтар бірнеше шығармашылық туындыларын әзірлеп, облыстың даму деңгейін көрсету үшін  тыңғылықты дайындалуда   

Облыстың үздік фермерлері мен кәсіпорындарды астаналықтар ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне шақырып, сапалы өнімдерін ұсынады. Алаңда жалпы саны 106 шатыр орнатылып, сатылымға 4,8 т жылқы еті, 2,5 сүт өнімі, 30 т бал, 5 т күнбағыс майы, 5 т шұжық өнімі, 76 т картоп және көкнстер, 40 т бақша дақылдары, 3 т балық, 3,7 т дәнді дақылдар, 6,5 т ұлттық өнімдер қойылады. Осылайша, жалпы құны 98 млн теңгеге 176,5 т өнім түрін қою жоспарлануда.

Айта кетсек, жәрмеңке қалашығы Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қилысында орналасқан «МЕГА» сауда орталығының алаңына орналастырылады.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, елордалықтар Шығыс Қазақстан облысы аудандарының шығармашылық топтарының өнерін тамашалайы алады.  




Яндекс.Метрика