«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Ақмола облысының жол құрылысына 45,7 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысының жол құрылысы үшін «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Ақмола облыстық филиалына 45,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола29 Қыркүйек , 15:49

 «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Ақмола облыстық филиалының  мәліметінше,  «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды сипаттай келе, биыл республикалық маңызы бар жолдарда 11 миллиард теңгенiң жұмысы атқарылғандығын мәлiмдедi.

Астана–Ерейментау–Шiдертi жолы облыс iшiнде 108 шақырымды құрайды. Оған бөлiнген қаржы 83 пайызға игерiлген. Астана–Қорғалжын жолына да ағымдағы жөндеу аяқталады. Көкшетау–Омбы, Есiлден Державинскiге дейiнгi жолдар да осындай жөндеу жұмыстарымен қамтылған.

Осы ретте, облыс әкiмi Астана–Қорғалжын бағытындағы жолға ерекше алаңдаушылық бiлдiрiп, оны дұрыс жөнге келтiру мәселесiн көтердi. Бұған орташа жөндеумен қамтудың өзiне 600 миллион теңге қаржы қажет екен.

Келесi болып «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасының iске асырылуы жөнiнде есеп берген облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы хабарлағандай,  биыл 16 жобаның қолға алынып жатқандығын хабарлап, олардың мән-жайына жеке тоқталып өттi. Басқарма басшысына барлық жобаларды қайта бiр пысықтап, одан әрi тиянақтау, әсiресе, көпiрлер мәселесiн назарда ұстау тапсырылды.

 

 




Яндекс.Метрика