«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Ақмола облысында жылу энергетика инфрақұрылымын дамыту үшін 2,7 млрд теңге бөлінді

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу энергетика инфрақұрылымын дамыту үшін 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола29 Қыркүйек , 16:52

Қаржы Есіл қаласында қазандық жасау мен Красный Яр ауылында блок-модуль қазандығын дайындауға, Көкшетаудағы Қопа көлінің жағалауындағы үйлерге инженерлік жүйені қайта жаңғыртуға бағытталды.

Облыстық ТКШ және энергетика басқармасының мәліметінше, Красный Ярда қазандықтың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы инженерлік желіге байланыстыру арқылы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 2016-2018 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5,5 млрд теңгенің 5 жобасы және жылумен қамту бойынша 7 млрд теңгенің жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Оның ішінде жаңа нысандар да бар.

Облыс бойынша құрылыс саласында «Бәйтерек» ұлттық холдингінің есебінен  1 млрд теңге көлеміндегі қаржыға 11 инвестжоба жүзеге асырылуда. Қазiр тек инженерлiк желiлердi жүргiзуден ғана кейiн қалушылық басқалады. Бағдарламаға сәйкес биыл Көкшетау қаласында 45 пәтерлiк бес тұрғын үй, Щучинск қаласында 70 пәтерлiк бiр үй пайдалануға берiлуi тиiс. Рас, облыс орталығында қаржының жетiспеуiнен осы тiзiмдегi бiр үйдiң қашан тапсырылатыны беймәлiм болып тұр. Облыс әкiмiнiң қадап айтқанындай, құрылыста ешбiр кiдiрiске жол беруге болмайды. Бұл үшiн iстiң көзiн тауып, тiкелей Үкiметпен мәмiлеге келiп, қолдан келгеннiң бәрiн жасау қажет.

 




Яндекс.Метрика