Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылы қазақстандықтарға зейнетақы қорының қозғалуы жайында 2 млн электрондық қызмет көрсетілді

2013 жылдың 10 айы бойынша қазақстандықтарға зейнетақы қорының қозғалуы жайында 2 млн электрондық қызмет көрсетілді, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан29 Қазан , 16:44

«2013 жылдың 10 айы бойынша қазақстандықтарға зейнетақы қорының  қозғалуы жайында 2 015 932 электрондық  қызмет көрсетілді. Бұл 2012 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 2,6 есеге көп», - деп ведомствоның хабарламасында нақтыланған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қызметтің 60 пайызын электронды түрге ауыстыру тапсырмасын орындау үшін ЕХӘҚМ әр түрлі әрекеттер туралы 14 жоспарлы қызметті жүзеге асырады.

Айта кетейік, 2013 жылдың соңына дейін электронды пішінге 3 мемлекеттік қызмет көшеді.




Яндекс.Метрика