Өңірлер

Елордадағы жәрмеңкеге Алматы облысы 300 тоннаға жуық өнім жеткізеді

3 қазанда Астанада жыл сайынғы ауыл шаруашылығы және өндірістік тауарлардың жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Алматы облысы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім әкеледі деп жоспарлануда, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 18:57

Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары К.Бекбосынов атап өткендей, жәрмеңкеге 91 млн теңгенің 300 тоннаға жуық тауары жеткізіледі.

«Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер астаналықтар мен қала қонақтарына  тауардың 65 түрін ұсынады. Жәрмеңкедегі тауар  нарық бағасынан арзанға сатылады. Сондай-ақ, жәрмеңке мәдени бағдарламамен сүйемелденеді», - деді К.Бекбосынов.

 

 

 





Яндекс.Метрика