Үкімет

Жыл сайын ҚР-ның мұнай-газ секторына құйылатын тікелей шетелдік инвестиция 3 млрд доллардан асады

Жыл сайын ҚР-ның мұнай-газ секторына құйылатын тікелей шетелдік инвестиция 3 млрд доллардан асады, деді бүгін Астанадағы «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы конференцияда Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 13:16

«Қазақстанның мұнай-газ саласында болып жатқан оқиға желісімен бөлісейін. Қазақстан өзінің мұнай-газ кешенін дамыту жұмыстарын  жалғастыруда. Тәуелсіздік жылдары  әлемнің ТОП-20 еліне мұнай және газ қоры бойынша өту жүзеге асты. Мұнай алу деңгейі 3 есеге, газ алу 5 есеге көбейді. Бізде үздік мұнай-газ саласының компаниялары жұмыс істейді. Жыл сайын ҚР-ның мұнай-газ секторына құйылатын  тікелей шетелдік инвестиция 3 млрд доллардан асады», - деді Ұ.Қарабалин.

Вице-министр атап өткендей, әлемдік  есептеу бойынша қысқа мерзім ішінде Қазақстан көмірсутекті тасымалдау бойынша жүйені әртараптындыра алды. Республика мұнай-газ саласын дамыту мен заманауи химиялық газ кешенін қалыптастыру бойынша жаңа база дайындауда.

Анар  Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика