Үкімет

Ұ.Қарабалин: Көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі қажет болып отыр

Көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі қажет болып отыр, деді бүгін Астанадағы «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы конференцияда Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 12:59

«Көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі қажет болып отыр. Соның ішінде соңғы екі жылдағы орын алған оқиғалар мұнай және газ саласының жаһандық экономиканың басқа да салаларымен өзара байланысының күшейгенін көрсетіп отыр. Бұған геосаяси және спекулятивтік факторлар әсерінің де өсімі өз ықпалын тигізбей қоймады», - деді Ұ.Қарабалин.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда әлемде көмірсутек нарығындағы дербес қызметтер тезисінен жаппай қайту үдерісі байқалып отыр.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлемнің 20-ға тарта мемлекетіндегі жағдайлар мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасына қатты байлаулы.  Осыған байланысты, жаһандық қаржылық-экономикалық параметрлердің ағымдағы салалық трендтермен қоса өзгеруі мұнай өндіруші елдер үшін ерекше «ауыр» болуы ықтимал. Бірінші кезекте, көмірсутек бағалары дамушы және дамыған елдердің басым бөлігінің экономикалық өсіміне айтарлықтай әсер етеді», - деді Ұ. Қарабалин.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда жаһандық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімділік мейлінше өзекті болып табылады. Бұл ретте Ұзақбай Қарабалин соңғы жылдары әлемдік даму үдерісінде жаңа құбылыстар пайда болғанын алға тартады.

«Бұл құбылыс  мұнай өндіру көлемінің оны тұтынудан айтарлықтай өсіп кетуіне қатысты туындады. Егер 2012 жылы мұндай диспаритет ешқандай шу тудырмайтын режимде өткен болса, 2014 жылы бұл нарықтағы бағаның күрт құлдырауына әкеп соқтырды. Әрине, мұнай нарығындағы әрбір қатысушының өз мүддесі баршылық. Дегенмен, алауыздықтардың туындауы, ортақ консенсусты ілгерілету тетігінің көрініс таппауы бұл жағдайды онан сайын шиеленістіріп отыр», - деп түйіндейді пікірін Ұзақбай Қарабалин. 

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика