Үкімет

ҚР ИДМ: ҚР-ның өндіру саласындағы компаниялар мемлекет бюджетіне 4,8 трлн теңгеден астам қаржы төледі

Өндіру саласының ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) жүзеге асыру туралы ұлттық есептің мәліметі бойынша ҚР-да 2014 жылы өндіретін компаниялар 4,8 млрд теңгеден астам қаржы төледі.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 12:46

«ҚР-да  2005 жылы ашықтық бастамасы қабылданғалы 10 жыл өтті. Аталмыш салады қыруар істер атқарылды, бұл саладағы заңнама жетілдірілді. Жалпы ӨСАБ жүзеге асыру экономиканың көптеген салаларына әсер етеді», -  деді KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов.

ӨСАБ жүзеге асыру туралы ұлттық есептің мәліметі бойынша ҚР-да 2014 жылы өндіретін компаниялар 4,8 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Мұнайгаз секторындағы төлеушілердің салық және  бюджетке өзгеде төлемдері 4,5 трлн теңгеден асты, ал тау-кен секторындағы өндірушілер бюджетке 2 млн теңгеден астам қаржы төледі. Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары бюджетке төлем бойынша елімізде көш бастап тұр. Соңғы 6 жылда ӨСАБ аясында Қазақстандық өндіруші компаниялардың бюджетке төлемі 2,5 есе артты. .

Сонымен қатар, өндіруші компаниялар мемлекет табысының 70%  құрайтыны аталып өтті. Аталмыш сектор аймақтардың әлеуметтік дамуы үшін 20 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Оның ішінде әлеуметтік көмек, білім беру, ТКШ, мәдениет, туризм, денсаулық сақтау салаларының шығындары бар.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика