Энергетика

Қазақстанның өңдеу саласы 2016 жылы ашықтық стандартын растайтын болады – ҚР ИДМ

Қазақстанға 2016 жылы өндіру саласының ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) стандарттарын растау керек болады, деп хабарлады ҚР ИДМ вице-министрі Альберт Рау Астанада X KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өтіп жатқан Қазақстанда өндіру саласының ашықтығын дамыту бастамасы бойынша VII халықаралық конференциясында.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 12:39

«ӨСАБ  жүзеге асыру компания мен үкіметтің өндіруі саласындағы табысының ашықтығына бағытталған. Жобаның біздің мемлекетіміз үшін халықаралық, саяси және жемқорлыққа қарсы дәрежеде маңызы бар. Осымен екінші жыл қатарынан есеп электронды түрде беріледі. Бұл жыл өткен сайын оңтайландыру процесін жетілдіруге, мәліметтерді салыстыру тиімділігін арттыруға және есептердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді А.Рау.

Оның айтуынша, бұл бастама қоғамдық   бастамадан артық және саяси, экономикалық әсер ету құралы іспетті.  Оған енген мемлекеттер әлемдік рейтингтерін едәуір жақсартып үлгерген.

«Бұл бізге бірінші кезекте халықаралық ашықтық тәжірибесін береді. Біз есеп берудің ең танымал үлгісіне көшкенімізге қуаныштымыз. Кез-келген қарапайым адам қалай жылдар бойы табыстын артқанын, аталмыш сала аясында қандай әлеуметтік жобалар жүзеге асырылғанын көре алады. Сондықтанда біз оны жоғары деңгейде жүзеге асыруға тырысудамыз. Бұл біздің мемлекетіміз бен халқымыздың игілігі үшін», - деді вице-министр.

Айта кетерлік жайт, ӨСАБ-қа қатысушы мемлекеттер – 48 құрады, оның ішінде 31 ӨСАБ  стандарттарына жауап береді. Олардың қатарында Франция, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Австралия, Канада сынды алпауыт мемлекеттер бар.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика