Энергетика

А.Рау: ҚР-да халықаралық ашықтық нормасын енгізу мемлекеттің рейтингісін көтереді

Қазақстанда өндіру саласына халықаралық ашықтық нормасын енгізу бірқатар процестерді дамытады, салық төлемдерінің түсімінен бастап мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыруға дейін, деп хабарлады ҚР ИДМ вице-министрі Альберт Рау Астанада X KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өтіп жатқан Қазақстанда өндіру саласының ашықтығын дамыту бастамасы бойынша VII халықаралық конференциясында.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 12:23

«Мен өндіру саласының ашықтық  бастамасына тоқталып кетсем деп едім. Бүгінде бұл бастамаға 48 мемлекет қатысып отыр, олар жаһандық ашықтық стандартын ұсынады. Біз ізбасар дәрежесін алдық, осылайша Қазақстанда халықаралық ашықтық нормаларын енгізу жүргізілуде. Бұл өз кезегінде бірқатар процестерді дамытады, салық төлемдерінің түсімінен бастап мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыруға дейін», - деді А.Рау.

Вице-министр еске салып кеткендей, Қазақстанның мұнайгаз секторында үлкен қор бар. Қор шамамен 30 млрд баррельге бағаланып отыр.

«Геологтардың пайымынша бұл сан өсуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей біз әлемде уран бойынша көшбастап тұрмыз, яғни даму көлемі және қор көлемі бойынша.  Бұл біздің мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істеуі керек. Сондықтанда  ӨСАБ өз үлесін қосуда. Біз барлығын стандарттарға сай жүзеге асырудамыз», - деп баса айтты.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика