Үкімет

К.Мәсімов астық жинау науқаны мәселелері бойынша Үкімет отырысын өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет Үйінде кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 12:08

Күн тәртібінде ағымдағы жылғы астық жинау науқанын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне қарағанда, 28 қыркүйекте 11 млн. га дәнді дақылдар немесе жиналатын аумақтың 74,7% жиналды. 13,2 млн. тонна дән бастырылды. Өнімділік - 12 ц/га. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен  0,4 центнерге жоғары», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Оның мәліметтеріне қарағанда, дәнді дақылдар егілетін үш негізгі аймақта  8,1 млн. га немесе 71,5% жиналды. 9,4 млн. тонна бастырылды. Орташа өнімділігі 11,6 ц/га. Осылайша, Ақмола облысында 3,1 млн. га астам (75,9%), Қостанай облысында - 2,6 млн. га (64,8%), Солтүстік Қазақстан облысында- 2,4 млн. га (74%) жиналды.

«Қазан айында жылы, жауын-шашын нормаға сәйкес болады деп күтілуде. Мал азығын дайындау жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр», - деді  Ауыл шаруашылығы министрі.

А.Мамытбеков ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын 10-15 күннен кейін аяқтау жоспарланғанын айтты.

 




Яндекс.Метрика