«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстан мен Түркияның экономика министрлері екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат Зейбекджимен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 17:08

Айта өтейік, тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастары және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ерболат Досаев өзара тікелей инвестициялардың өсуінің жағымды тенденциясын атап өтті. 

«2005 жылдан бастап 2015 жылдың 1 тоқсандығында Қазақстанға $1,8 миллиардтан астам түріктің тікелей шетел инвестициялары бөлінді. Өз кезегінде Түркияға $970 миллион қазақстандық тікелей шетел инвестициялары бөлінді», - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі. 

Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат Зейбекджи «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жобаларын іске асыруға, Ақтаудағы теңіз портын қайта жаңғыртуда қатысу тілегін білдірді, сондай-ақ, Түркияның ЕАЭО елдерімен ынтымақтастығын қайта жандандыруды ұсынды.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы ағымдағы жылдың 7 ай ішінде $ 1,2 млрд. құрды», - делінген хабарламада. 





Яндекс.Метрика