Энергетика

Н.Радостовец: ТМКҚ-ның 40-тан астам компаниясы жұмыс барысындағы ашықтық бастамасын қолдайды

KAZENERGY Х-шы халықаралық форумы аясында Қазақстанда өндіру саласының ашықтығын дамыту бастамасы бойынша VII халықаралық конференция өтуде.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 11:53

Қазақстанда өндіру саласының ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) соңғы 10 жыл бойы жүзеге асырылып келеді. ҚР-да мемлекет пен корпорация жұмысының жаппай ашықтығы керектігі туралы айтылып келеді. Аталмыш бастама енгізілгеннен кейін алғашқы қадамдар жасалды.

«Қазақстандықтар жер қойнауын пайдаланушылар қалай жұмыс істейтінін, қанша табыс табатынын, қаншасын бюджетке төлейтінін, қаншасын халыққа төлейтінін және еліміздің қай аймақтарында жұмыс істейтінін білуі керек. Бүгінде тау-кен металлургия секторындағы 41 компания  аталмыш бастаманы қолдап отыр», - деді «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Н иколай Радостовец талқылау барысында.  

Оның айтуынша, ТМКҚ  секторында статистика жөнге келтірілуде, ол болашақта қауымдастықтың сайтына жарияланатын болады.

«Біз өзіміздің секторға салалық статистиканы енгіздік, барлық ақпарат ТМКҚ сайтында қолжетімді болуы үшін көрсеткіштерді өңдеудеміз. Бүгінде ҚР Үкіметі көптеген мәдліметтерді жариялап отырады және бұл статистикалық мәліметтер бойынша көрініп тұр. Алайда аймақ әкімдіктері бұл ақпаратты жарияламауға тырысады. Мысалы біз аймақтың экологиясын қалпына келтіру үшін үлкен төлемдер төлейміз»,- деп толықтырды Н.Радостовец.

Атқарушы директор атап өткендей, бұл бастамаға аймақ әкімдіктерін көптеп тарту керек, бұл Қазақстандағы ашықтықты дамытудың келесі кезеңі болады.  

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика