Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Doing Business рейтингінде Қазақстан 50-інші орынға көтерілді

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының Doing Business-2014 жыл сайынғы рейтингінде Қазақстан 189 елдің ішінде 53-інші орыннан 50-інші орынына көтерілді, делінген Дүниежүзілік банктің баяндамасында.
Әлемде29 Қазан , 16:35

«Бір жылдың ішінде Қазақстан құрылыс салуға рұқсат алу (145 орын), мүлікті тіркеу (18 орын), төлем қабілетінің жетіспеушілігіне рұқсат беру (54 орын) салаларында алға жылжығаны байқалады», - делінген хабарламада.

Ал кәсіпкерлік қызметке барынша жағдай жасалған елдердің рейтингінде көш басынан Сингапур мемлекет-қаласы байқалады. Ал алдыңғы ондықтың қатарында тиісінше Гонконг, Жаңа Зеландия, АҚШ, Дания, Малайзия, Оңтүстік Корея, Грузия, Норвегия мен Ұлыбритания бар.

Посткеңестік елдердің ішінде ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізген ел – Грузия (8 орын), одан кейін Литва (17 орын), Эстония (22), Латвия (24), Армения (37), Қазақстан (50), Белоруссия (63), Қырғызстан (68), Әзірбайжан (70), Молдавия (78). Рейтингте Ресейден төменгі орынды Украина (112) иеленсе, Тәжікстан 143-інші, Өзбекстан 146-ыншы орынға табан тіреген.




Яндекс.Метрика