Қалаларға шоғырлану

Н.Назарбаев Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды ұсынды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды ұсынды.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

«2013 жылы «жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматы маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын», – деді Н.Назарбаев. 
Мелекет басшысының айтуынша, елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қуатты серпіліс беруі тиіс.
«Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады», – деп атап өтті Президент. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика