Адами капитал

Ақтөбеде көпбалалы аналарға «Күміс алқа» тапсырылды

Ақтөбе қаласының 2 көпбалалы анасы Үкіметтік награда - «Күміс алқамен» марапатталды, деп хабарлады Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе29 Қыркүйек , 16:04

«Күміс алқа» белгісінің иегерлері Ташенова Алима Аманжолқызы (1975 ж.т..) мен Файзуллина Раулия Төлегенқызы (1946 ж.т.).

Аталып өткендей, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева көпбалалы аналарға алқаларын тапсырып, наградаларымен құттықтап, денсаулық, бақыт, отбасыларының амандығын тіледі.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 5757 көпбалалы ана тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1281, «Күміс алқа» иегерлері – 1521, «Батыр ана» - 285, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі – 336, төрт және одан да көп балалылар – 2334.
 




Яндекс.Метрика