Евразиялық одақ

Теңіз порттарында тауар туралы ақпарат алдын-ала электронды құжат үлгісінде берілетін болады – ЕЭК

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасындағы қадағылау органдарының өзара-қарым қатынасы бойынша кеңес беру комитетінің отырысында Одақтың бірыңғай аумағына теңіз көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын-ала ақпарат беруді жетілдіру талқыланды, деп хабарлады ЕЭК.
Әлемде29 Қыркүйек , 14:32

ЕЭК-тың кедендік ынтымақтастық бойынша министрі  ЕАЭО-ның кедендік кодексі жобасына электронды құжат үлгісінде алдын-ала ақпарат беру нормасын жасақтау және енгізу керектігін атап өтті.

Келелі кеңесте қатысушыларды Қырғызстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кедендік қызметінің кедендік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы Қасымбек Алышбаев Қырғызстан аумағында орналасқан ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу бекеттерінің техникалық жабдықталуы барысынан хабардар етті.

Кеңес беру комитеті отырысының қорытындысы бойынша ЕАЭО деңгейінде ЕАЭО елдерінің өткізу бекеттерінде тұлғаларды, жүктерді, тауарлар мен жануарларды  өткізудің типтік ережесі мен кедендік органдардың қызметкерлері үшін бірыңғай нұсқаулық жасақтау қажеттілігі аталып өтті. 




Яндекс.Метрика