Өңірлер

Қазақстанда 38 168 нысан жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда 2015 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жалпы сомасы 264,9 млрд теңге болатын 38 168 нысан мен бағалы қағаздар жария етілді.
Казахстан29 Қыркүйек , 11:42

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 505,1 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 52 695 өтініш түсті: сомасы 372,0 млрд. теңгеге 43 985 тұрғын үй объекті; сомасы 127,6 млрд. теңгеге 22 479 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 90,9 млрд.теңгеге 5 403 коммерциялық объект; сомасы 1,3 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 19 қатысу үлесі;  сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Жария ету қорытындысы бойынша жалпы сомасы 264,9 млрд. теңгеге 38 168 объекті мен бағалы қағаздар  жария етілді.

«Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 657,4 млн тенге құрайтын 24 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш келіп түсті. Оның ішінде жалпы сомасы 654,2 млн. теңгеге 21 объект  және бағалы қағаздар жария етілді», - делінген хабарламада.     

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 24.09.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 78,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге  167  жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,4 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 41,7 млрд. теңге.

Ал, 25.09.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,0 млрд.теңге түсті. 




Яндекс.Метрика