Мәдениетті жаңғырту

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған көрме ашылды

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрме ашылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақмола29 Қыркүйек , 13:47

Көрме ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының қызметі арқылы Қазақстанның достық пен келісімді нығыйтып, дамытатын рухани, мәдени орталық ретіндегі рөлін, этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің іргетасына айналған бірегей институттың құрылуы мен қызметін,  Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шеше білетін ел ретіндегі халықаралық беделінің нығайуын көрсетуге мүмкіндік береді.   

Қазақстан халқы  Ассамблеясы – Қазақстанның бірегей саяси бастамаларының, жаңашылдығының нәтижесі. Қазіргі таңда оның тәжірибесі әлемнің көптеген елдеріне тартымды әрі пайдалы бола түсуде. Бүгін Конституция мен Ассамблея жай ғана құрдастар емес. Бұл тұрақтылықтың, жаңарудың және гүлденудің іргетасына айналған екі ұлы құндылық. Сенім, дәстүр, ашықтық, төзімділік – бұл біздің гүлденіп келе жатқан көп ұлтты еліміздің негізгі тіректері. Мемлекеттің этносаралық саясаттың негізіне «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты алынған.

Көрмеде тәуелсіз Қазақстанның мерейтойлық күндерімен байланысты 111  құжат, фотосурет пен жәдігер қойылған: Конституцияның 20 жылдығы, Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20 жылдығы.

Көрменің негізгі мазмұнын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қорындағы бірегей материалдар жинағы ашады: Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары мен құжаттары, шетел мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтерінен берілген сыйлықтар, жас мемлекеттің дамуы мен халықаралық беделін нығайтуға бағытталған Елбасының қызметін,  бастамаларын көрсететін фото және мұрағат құжаттары.

Келушілер музей құндылығы бар келесідей бұйымдарды тамашалай алады: Қазақстан халқының  ұлттық мәдениетін, тілін және әдет-ғұрпын ашатын күміс бұйымдары, көркем суреттер, мүсіндер, мүсіндік композициялар, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер туындылары. 




Яндекс.Метрика