ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Қызылорда облысында ағымдағы жылы 2,6 млрд теңгеге 6 жоба жүзеге асырылады

2015 жылы Қызылорда облысында құны 2,6 млрд.теңге құрайтын 6 жоба іске қосылып, 280 адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Қызылорда29 Қыркүйек , 11:09

Бүгінгі күні 4 жоба іске қосылды. Олар - құрама жем зауыты, керамикалық және күйдірілген кірпіш зауыттары және жарықтандыру шамдарын құрастыру өндірісі.

Естеріңізге сала кетейік, индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында Қызылорда облысында құны 148 млрд.теңге құрайтын 37 жоба іске асырылып, оның аясында 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады.

Айта кетерлік жайт, жобалар негізінен құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі, АӨК, мұнай-газ саласы, машина жасау, металлургия және энергетика салаларын қамтиды.




Яндекс.Метрика