Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ МЖБ бөлімшелерінің жол дистанцияларын отандық темір бетон шпалдары мен білеулерімен алмастыруда

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшелерінің жол дистанциялары отандық темір бетон шпалдары мен білеулерімен алмастырылуда, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан29 Қыркүйек , 10:54

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының жол және ғимараттар департаменті директорының орынбасары Нұрлан Асбековтің айтуынша, Ұлттық компания «Қазшпал» ЖШС отандық кәсіпорнымен келісім негізінде ұзақ мерзімдік мақсатта Р-65 және 1/9, 1/11 маркалы темір бетон бұйымдарын және бағыттауыш бұрмаларын жеткізу жөнінде келісім жасасқан болатын.

Сонымен қоса, ҚТЖ Екібастұздың бағыттауыш бұрмалар зауыты «Проммашкомплект» ЖШС-мен бағыттауыш бұрмалардың металл бөлшектерін жеткізуге келісім жасасты.

Бағыттауыш бұрмалардың темір бетон негіздергге орнатылып, жинақталуы жолдың жақсартылуы мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Аталмыш серіктестік отандық өнім өндірушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында орындалып отыр. ҚТЖ оның ішінде қазақстандық өнім өндірушілер мен тауар және қызмет көрсету саласын қолдауға баса назар аударуда.

 

 




Яндекс.Метрика