ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: АЭА-да 5 жылда 136 жоба жүзеге асырылып, 9230 жұмыс орны ашылды

Қазақстанда 2009 жылдан бастап бүгінге дейін АЭА жобаларына инвестиция көлемі 375,5 млрд теңгені құрады. Барлығы 5 жылда 136 жоба жүзеге асырылып, 9230 жұмыс орны ашылды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі.
Казахстан29 Қыркүйек , 10:39

Өндіріс көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 5 есе өсті және 816,3 млрд теңгені құрады. «2019 жылға қарай арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамыту жоспары бойынша 50-ге жуық жоба іске қосылады және 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, ИИДМБ алғашқы бес жылдығында 2010 жыл мен 2014 жыл аралығында АЭА дамытуды баяу ағымды режимнен индустриалды жобалармен толтыратын белсенді фазаға ауыстырылды.

АЭА аумағында жолаушылар вагоны, ұшу аппараттары, ылғаш сіндіргіш мақталар, мақта целлюлозасы, кілем өнімдері, шар тәрізді крандар мен күйдіргіш сода өндіріледі.

АЭА-ның жұмыс істейтін жобаларының қатарына мыналар жатады: жолаушылар вагонын өндіретін зауыт (Talgo, «Астана – жаңа қала»АЭА); ұшу аппараттарының өндірісі (Eurocopter, «Астана – жаңа қала»АЭА); ылғаш сіндіргіш мақта мен мақта целлюлозасының өндірісі    (Мақтаөндірісі-Целюлоза, «Оңтүстiк»АЭА);    кілем өнімдерін өндіретін фабрика (Бал Тоқыма, «Оңтүстiк»АЭА); Шар тәрізді кран өндірісі (Бёмер Арматура, «Сарыарқа»АЭА); күйдіргіш сода өндірісі   (Каустик,  «Павлодар»АЭА). Бұдан басқа, тағы 94 жоба жүзеге асырылу барысында.  




Яндекс.Метрика