Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен К.Беттель Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде29 Қыркүйек , 09:36

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.

Қазақстан Президенті еліміз бен Люксемург арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін айтты.

Нұрсұлтан  Назарбаев сондай-ақ  К.Беттельді  Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанның  Еуропалық одақпен арада қол қойған жаңа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады деп үміттенетінін жеткізді.

Люксембург Премьер-министрі өзінің Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді және дамудың маңызды мәселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтардың басын қосқан Астана экономикалық форумының табысты өткенін  атап айтты. 

 

 




Яндекс.Метрика