Халықаралық интеграция

Елбасы польшалық компанияларды Қазақстанда ынтымақтастық жүргізуге шақырды

Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде29 Қыркүйек , 09:21

Кездесуде  сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі аса өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алысты.

Нұрсұлтан Назарбаев А.Дуданы сайлаудағы жеңісімен және Польша Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Елбасы Польша Президенті өз қызметінде екіжақты,  әсіресе сауда-экономика саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды жалғастырады деп үміттенетінін жеткізді.

«Қазірдің өзінде Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 90-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Олар түрлі салаларды, соның ішінде фармацевтика, өңдеуші және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды», –деді Мемлекет басшысы.

«Қазақстан Президенті біздің еліміз индустрияландыру бағдарламасын және инфрақұрылымдық дамуды жүзеге асырып жатқанын айтты. 
Біздің елімізде инвесторлар үшін ерекше артықшылықтар жасалған. Поляк компанияларын  елімізде ынтымақтастық орнатуға шақырамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

А.Дуда  кездесу үшін алғыс айтты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қажетті перспективалы бағыттар бар екенін атап өтті. 

 

 




Яндекс.Метрика