Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен Пан Ги Мун Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара іс-қимылын күшейту жолдарын талқылады

Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде29 Қыркүйек , 08:36

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның негізгі, соның ішінде орнықты даму, қарусыздану және ядролық қару таратпау режімін нығайту, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды.

Тараптар Қазақстан ұсынған халықаралық бастамаларды, әсіресе маусым айында бесінші отырысына Пан Ги Мун қатысқан Әлемдік және дәстрлі діндер лидерлері сьезін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелерді де қозғады. 




Яндекс.Метрика