Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Сенат комитетінде Қазақстанның ДСҰ-ға енуі мәселелері бойынша заң жобалары қаралды

Бүгін 1994 жылғы 15 сәуірдегі ДСҰ-ны кұру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы және біздің еліміздің осы ұйымға кіруіне байланысты заңнамаға түзетулер енгізу туралы заң жобалары жайы Сенатта талқыланды.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 18:17

«Аталмыш келіссөздердің қорытындысында Қазақстан ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бағалық көлемді ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құнынан 8,5 пайызда ұстауға қол жеткізілді», - деді Ж.Айтжанова.

Атап айтқанда, депутаттар ДСҰ-ны кұру туралы Марракеш келісіміне Қазақстанның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялап, ДСҰ- ға кіруге байланысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарайды.

Айта кетейік, бүгін Сенатта ««1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасының   ҚР экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова ҚР заң жобалары бойынша кәсіпкерлік және инновациялық дамыту, экономикалық саясат комитетінің кеңейтілген отырысында бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика