Инвестициялар

4 жыл ішінде Қазақстанның алтын өндіру саласына тартылған инвестиция көлемі 3,83 млрд долларды құрады

14 жылда еліміздің алтын өндіру саласына 6,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды, оның ішінде 500 млн. доллар геологиялық барлау жұмыстарына бағытталды, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Казахстан28 Қыркүйек , 19:18

Шамамен 91 % «Қазмырыш» ЖШС (2014 жылы алтын өндіру саласына тартылған инвестицияның 33%),  «Алтыналмас» АК АҚ (15%), «Варваринское» АҚ (11%), «Қазақалтын «ТМК» АҚ (11%), «Алел» ҚИК АҚ (7%), «Юбилейное» ЖШС (4%), «Орион Минералс» ЖШС (3%), «Майқайың алтын» АҚ (3%) және «Секисовское» ТКМ ЖШС (2%). компанияларына берілді.

Инвестициялар негізінен жаңа кеніштерді игеруге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтіп, жаңғыртуға бағытталды. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында алтын өндіру саласында құны 141,9 млрд. теңге болатын 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Екінші бесжылдықтың басты міндеттерінің бірі аффинажды алтын өндірісін жылына 30 тоннаға дейін жеткізу және зергерлік өнеркәсіпті дамыту. Қазір зергерлік бұйымдар өндірісін ұйымдастыру бойынша құны 570 мың АҚШ доллары болатын «ҚаГеоМаш» ЖШС жобасы дайын.

                       




Яндекс.Метрика