Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Ақмолалықтар «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсының жүлдегерлері атанды

Қазақстанда Тұңғыш «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Шара мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан ажыратпай оның толық мүшесі болып сезінуге бағытталған, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола29 Қазан , 16:25

«Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша  Ақмола облысының қатысушылары 3 номинация бойынша жүлдеге ие болды», - деп баспасөз қызметі хабарлады.

Атбасар аудандық пошта жүйесінің қызметкері Бақыт Балғымбаева «Өз кәсібінің үздігі» атты номинацияны иеленді. Екінші орын «Үздік студент» номинациясы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы КМУ 4 курс студенті Абылай Бекбай ұтып алды.

Ол үштілді ақпараттық сайт құрастырған. Оны тамашалайтын адам саны 100 мың адам деп жоспарланып отыр.

«Алтын қалам» номинациясы бойынша екінші орынды Бурабай ауданының оқушысы Анатолий Верещенский місе тұтты. Жас орындаушы эссе мен өлеңдер жинағының авторы.




Дерекнама

Яндекс.Метрика