Инфрақұрылымның дамуы

ҚР- да жол бойы қызмет көрсетудің 260 нысанын салу жоспарланған – ҚазАвтоЖол

Қазақстанда «Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары. Жол қызметі және көрсетілетін қызмет нысандарына талап» деп аталатын Ұлттық үлгі қолданысқа енгізілді, деп хабарлады «Қазавтожол»АҚ.
Казахстан29 Қыркүйек , 09:51

Үлгі тәртібі жобалау ұйымдарының жол қызметі мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын жобалауды жүзеге асыратын жобалық ұйымдарға, автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын, орталық және жергілікті басқару органдарына, жол қызметі объектілерін басқаратын заң тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерге, сонымен қатар автомобиль жолдарындағы жол сервисі мен жол қызметі объектілерінің қызметтерін тұтынатын тұтынушыларға қолдануы үшін арналған. 
Ұлттық үлгі қызмет көрсету нысандарын А, В, С, D төрт кешенді дәрежеге бөледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жол бойында қызмет көрсетудің 3028 нысандары бар. Оның 1062-і автокөліктерге жанармай құю станциясы, 1422-і сауда және тамақтану орындары, 130-ы қонақүй, 273-і техникалық қызмет көрсету станциялары және 141 автотұрақ. Аталған объектілерде 25 000 адам қызмет атқаруда.

Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор, яғни, «ҚазАвтоЖол» компаниясы Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы қызмет көрсетуді 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасын әзірледі, бүгінгі таңда барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үрдісінде тұр. Бағдарлама бойынша қызмет көрсетудің 260 объектілерінің құрылысы жоспарланды, бұл өз кезегінде 2 000 астам жұмысшы орындарын қамтамасыз етеді.

Бағдарламаның стратегиялық мақсаты – Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Бәсекеге қабілеттілікті қажетті деңгейге жеткізген кезде, дамыған құрылым еліміздің аумағына қосымша транзит жүктасымалын тартады және қосымша жұмыс орындарын ашады.

Қызмет көрсетудің орын алған объектілерін, қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды тамақтану, сауда, қонақүйлер, кемпингтер және автокөліктерге жанармай құю станциялар пункттерімен толықтыруды және жаңартуды жоспарлап отыр. Оған қоса, барлық кешенді нысандар ҚР Ұлттық үлгісіне сәйкестендіріледі.

Сонымен қатар, Компания қызмет көрсету объектілерінің орналасу перспективалық кестесін дайындады. Кесте даму және кешендік орналасауының нүктелік орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, барлық мүдделі жақтарға – кіші және орта бизнестерге, жергілдікті атқарушы органдарға және республикалық автожолдарды басқару жөніндегі Ұлттық операторға жауапкершілік саласын айқындап беруге септігін тигзеді.

Автомобиль жолдарындағы заманауи үлгідегі тоқтайтын кешендерді орнату бойынша жұмыстар басталып кетті. Жол бойындағы қызметтің дамуымен қатар, жол бойындағы территорияларды көркейту жұмыстарына да көп көңіл бөлінуде. Аялдамалық кешендерде кішігірім архитектуралық үлгілер, ескерткіштер орнатылып жатыр. Мысалыға, өткен аптада Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент автожолының бойында аялдамалық павильон орнатылды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне орай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысы филиалының қызметкерлері абзал жандардың қайырымдылық көмегінің арқасында Бөкей ордасындағы 1836-1838 жылдары қазақ халқының ұлт-азаттық күресінде қолбасшы болған Исатай Таймановқа ескерткіш орнатты.




Яндекс.Метрика