Парламент

2021 жылға дейін инвесторлар Қазақстанның ДСҰ-ға енуі аясында отандық өндірушілерге жеңілдіктер жасайтын болады

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін инвесторлар Қазақстанның ДСҰ-ға енуі аясында отандық өндірушілерге жеңілдіктер жасайтын болады.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 17:43

Бұл туралы ««1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасының   ҚР экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова ҚР заң жобалары бойынша кәсіпкерлік және инновациялық дамыту, экономикалық саясат комитетінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Біз жергілікті қамту бойынша нақты міндеттерді назарға аламыз, ол отандық өндірушілерге тауар жеткізуде қойылатын  жеңілдіктер. Біз келісім шарттар аясында Қазақстан жер қойнауын пайдалану саласында инвесторлармен келісім орнатады деп келістік. Қазақстандық қамту бойынша отандық тауар өндірушілеріне ДСҰ-ға енген алғашқы бесжылдықта жеңілдіктер жасайтын боламыз», - деді министр.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан кейін біз инвесторлардан  қазақстандық қамтуды талап етпейтін боламыз. Қызмет көрсетушілерге келетін болсақ, Қазақстан Үкіметі қазақстандық қызмет көрсетушілерден 50 пайызға дейін табысты сұрауға құқығы бар екенін растайды. Аталмыш тәртіптер заңнамалық түрде бекітілетіңн болады», - деді министр.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика