Қазақ хандығына 550 жыл

Г.Кан: Қазақ мемлекеттілігі аясындағы көші-қон заманауи толеранттылықтың негізін қалады (ВИДЕО 1 бөлім)

Қазақ мемлекеттілігі аясындағы көші-қон заманауи толеранттылықтың негізін қалады, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында экспедицияға қатысушы, тарих ғылымдарының докторы Георгий Кан.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 18:34

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғұмырлық бағдарламалар әзірледі, олардың ішінде 5 институционалды реформа да бар, бірақ ұлтты біріктіретін,  идеологиялық негіз болып «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы есептеледі. Аталмыш бағдарлама жүзеге асып, нәтижелер беруі үшін ортақ тарих  саласында нақты істер қажет. Аталмыш жобаның идеясы ( «Ұлы дала» елі экспедициясы») осы есептен туындады. Ол осы жылдың 11 қыркүйегінде басталған болатын», - деді Г.Кан.

Тарихшы атап өткендей, 11 қыркүйекте тарихтың қайта жаңғыруына жол ашылды.

«Мен аталмыш жобаның Алматыдағы қатысушысымын. Бұл біздің елдің тарихымен біте қайнасып жатқан қала. Экспедиция – жалпыхалықтық жоба. Бүгін өңірлердегі тарих зерттелуде. Адам өз тарихын көзімен көрген сәтте ғана, сол тарихтың бөлшегіне айналады», - деді ол.

Аталмыш экспедицияны Георгий Васильевич Елбасының «Тарих толқынында» кітабымен байланыстырады.

Сарапшының айтуынша, «Ұлы дала елі» жобасы ҚХА мен ғылыми-сарапшылық кеңесте бұрыннан бері жоспарланған.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика