Парламент

Ж. Айтжанова: Шетелдік банктер Қазақстанда тікелей филиалдар аша алады

Дүниежүзілік сауда ұйымына енгеннен кейінгі 5 жылдан соң шетелдік банктер Қазақстанда жеке капиталы 20 млрд немесе 5 млрд доллардан тұратын тікелей филиалдар аша ашалады.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 17:21

Бұл туралы ««1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасының   ҚР экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова ҚР заң жобалары бойынша кәсіпкерлік және инновациялық дамыту, экономикалық саясат комитетінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Біз 5 жылдан кейін шетелдік банктерге мен сақтандыру компанияларына  тікелей филиалдар ашқызуға рұқсат беру туралы келіссөздер жүргіздік. Қаржы нарығының тұрақтылығын сақтау мақсатында аталмыш институтттарға нақты талаптар қоятын боламыз. Қазақстан аймағында өздерінің тікелей филиалдарын ашатын банктердің жеке капиталында 20 млрд және 54 млрд  доллар қаржы болуы тиіс», - деді ол.

Ж.Айтжанова атап өткендей, жеке тұлғалар үшін жеке депозиттер бойынша шектеу қойылады, олар 120 мың доллардан кем болмауы тиіс.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика