Халықаралық интеграция

БҰҰ радиосына берген сұқбатында Е.Ыдырысов 70-ші БҰҰ БА басымдығының әдістеріне көңіл бөлді

2015 жылдың 26 қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясына қатысқан Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ радиосына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде28 Қыркүйек , 17:12

ҚР СІМ басшысы хабарлағандай, 2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан БҰҰ-ның адам құқығын қорғау Кеңесінің мүшесі болып табылады. 2010 жылы Қазақстан 2017-2018 жылдар аралығына БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес өкілі және БҰҰ БА-ның 71-сессиясының Төрағасы лауазымына ресми түрде өз кандидатурасын ұсынды. Ол сендіргендей, Қазақстан БҰҰ БА құрамында бола отырып халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз үлесін қосуды жалғастырады және жаһандық қауіптерге қарсы тұратын болады.

Сонымен қатар министр алдағы уақытта өтетін Қазақстан мен Жапонияның Ядролық сынақтарға жаппай тиым салу туралы келісімге (ЯСЖТСК) қолдау көрсету бойынша 9-шы конференцияда тең төрағалық ету құқығында сөйлейтінін хабарлады.

 «Е. Ыдырысов атап өткендей Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтардан үлкен зардап шеккен мемлекет ретінде аталмыш келісімнің күшіне енуі бойынша елеулі үлес қосқысы келеді. Ол үшін нақты сегіз мемлекеттің оған қол қойып, келісімді ратификациялағаны керек», - делінген хабарламада. 

 




Яндекс.Метрика