Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Қытайдың инвесторлары үшін визалық режим жеңілдетілуі мүмкін

Қазақстан мен Қытайдың инвесторлары мен бизнесмендері үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін визалық режим жеңілдетілуі мүмкін. Бұл мәселе инвестициялық форум форматындағы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жұмыс отырысы барысында талқыланды.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 16:55

 

«Қазақстан мен Қытайдың  сауда-экономикалық ынтымақтастығының сапасын жақсарту бизнесмендер арасындағы  тығыз қарым-қатынасты дамытумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде екі елдің кәсіпкерлік ынтымақтастығында әлі де еңбек рұқсатнамалары, визаның қажеттілігі мен тұрғылықты жерге берілетін рұқсат құжаты секілді мәселелерде  кедергілер бар»,-деді ҚХР Халықаралық сауданы дамыту комитеті төрағасының орынбасары Лу Пэнча Астанадағы инвестициялық форум форматындағы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жұмыс отырысы барысында.

Оның айтуынша, визалық режимді жеңілдету екі ел арасындағы  сауда-экономикалық қарым-қатынасқа оң әсер етеді.

«Кіру және шығу сапарлардың рәсімін жеңілдету арқылы операциялық шығындарды төмендетуде оңтайлы нәтижені байқауға болады және сауда-экономикалық инвестициялар тұрғысында міндеттерді жеңілдетуге қолдау жасалады, өңірде экономикалық интеграция дәрежесі артады. Сонымен қатар, екі мемлекеттің сауда-өнеркәсіптік топтарының іскерлік ынтымақтастығы нығаяды», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика