Қазақ хандығына 550 жыл

«Ұлы дала елі» экспедициясына қатысушылар Теміртаудың 70 жылдығына арналған дайындық шараларын тамашалады

«Ұлы дала елі» экспедициясына қатысушылар Теміртауда қаланың 70 жылдығына дайындығын тамашалады, деді ішкі саясат басқармасы бөлімінің жетекшісі Татьяна Куринная.
Қарағанды28 Қыркүйек , 18:02

 «Экспедиция біздің қаламызға келгеніне қуаныштымыз. Біздің мақтанарлық жерлеріміз баршылық. Үш күннен кейін Теміртау өзінің 70 жылдығын тойлайды. Біз мерекеге дайындалып жатырмыз. Біздің Елбасы өзінің еңбек жолын осы жерден бастағаны бізді қанаттандырады», - деді Татьяна Куринная.

Ол Теміртаудың тарихи құрылу кезеңдеріне тоқтап өтті.

«Мәселен, 1945 жыл. Бұл қаланың енді гүлденіп келе жатқан шағы.  Соғыс аяқталып, әскери міндеттілер қалаға жинала бастады. Екінші кезең, 1958 жыл. Бұл қазақстандық магниткаға жастардың тартылуы, олар бұл өңірге зауыт салуға келді. Оның бірі – Мемлекет басшысы.  Келесі кезең 1970 жылдары Нұрсұлтан Назарбаев комбинатта партиялық жұмыскер болып қызмет істегенде жастарды қалаға шақыра бастайды. Сол кезде қаланың екінші жартысын салу басталады. Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының өңірдің дамуына қосқан үлесін айтпау мүмкін емес. Елбасы біздің өңірдің дамуын әрқашан қаперінде ұстайды», - деді ол.




Яндекс.Метрика