Инвестициялар

Астанада Қазақстан-Қытай жобасының ЖРК құрылысы жүзеге асырылып жатыр

Астанада Қазақстан-Қытай жоба жеңіл рельсті көлік құрылысы жүзеге асырылуда, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева инвестициялық форум форматындағы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жұмыс отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 16:31

«Қытаймен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан 45 жобаның 15-ке жуығын «Самұрық-Қазына» басқаруда. Бұл жобалардың әрқайсысын өзінің жүзеге асырылу деңгейі бар. Біз жоба бір жерде тоқтап қалмасы үшін өзіміздің тарапынан қажетті барлық шараларды жүзеге асырудамыз», - деді Ә.Ерғазиева.

Төраға орынбасары атап өткендей, ірі жобалардың бірі Астанада жүзеге асырылуда, ол – жеңіл рельсті көлік құрылысы.

«Жоба бізде ЭКСПО-2017 өткізілетін болғандықтан инфрақұрылымды дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, бізде қытайлық тарап капиталға қаржы құятын жобалар да бар. Біз қаржы қоры 3 млрд доллар көлемінде болатын «Жібек жолы» қорын жасақтау туралы құжатқа қол қойдық. Бұдан басқа, калийлі тыңайтқыштар, құрылыс материалдарының өндірісі және энергетика саласында жобаларымыз бар», - деп толқытырды ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика