Инвестициялар

«KAZNEX INVEST» қытай инвесторларымен бірге 22 млрд доллардың 45 жобасын жүзеге асырады

Бүгінгі таңда «KAZNEX INVEST» қытай инвесторларымен бірге 22 млрд доллардың 45 жобасын жүзеге асырады, деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жұмыс отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 16:07

«Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы  жарты жыл бұрын басталды. Желтоқсан айында Қытайға баратын қазақстандық бизнесмендердің ірі делегациясы әзірленді, онда екі елдің іскерлік тобы кездесіп өзекті мәселелерді талқылаған болатын. Бүгінгі форум барлық шаралардың жалғасы іспеттес, Қазақстанда Қытаймен бірігіп  инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жолы. Қазіргі таңда  «KAZNEX INVEST» агенттігі қытайлық жобалармен айналысуда. Біздің тізімде 22 млрд доллардың 45 жобасы бар», - деді А.Ерғазиева.

Оның айтуынша, барлық жобалар Қазақстанның басым экономика салаларында жүзеге асырылуда.

«Барлық жобалар металлургияны дамытуға, құрылыс материалдарын өндіруге, инфрақұрылым мен энергетика, машина жасау саласын дамытуға бағытталған. Біз аталмыш салаларды қолдап, өз тарапымыздан көмек көрсетіп жатырмыз», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика