Басқару

Қазақстан мен Қытай ұлттық стандарттарын үйлестіруге ұмтылуда

Қазақстан Қытаймен бірлесіп ұлттық стандарттарын үйлестіруге тырысуда, деп хабарлады «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 16:01

«Мен біздің институт бүгінде қытайлық SAC стандарттау органымен келісімге отырғанын айтқым келеді. Яғни бізде қытайлық құжаттарға қолжетімділік бар. Дәлірек айтсақ,  ҚХР-ның ұлттық құжаттары бізге қолжетімді болып отыр. Сондықтан да осы салада белсенді жұмыстар атқарылуда. Біз ұлттық стандарттарымызды өзара үйлестіруге тырысудамыз», - деді  ол.

Әмірхановтың айтуынша, мұндай халықаралық үйлестіру техникалық кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді.

«Бұл қандай да бір ғылыми зерттеулердің біздің еліміз үшін, өндірушілеріміз үшін көшірілуі болып табылады. Сондықтан да бүгінде стандарттаудың басты принціпі үйлестіру», - деп түйді спикер.




Яндекс.Метрика