Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Ерейментау ауданында өткен денсаулық фестиваліне 600-ден астам адам қатысты (ФОТО)

Ақмола облысы Ерейментау ауданында «Денсаулық фестивалі – 2015» шарасы өтті,деп Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.
Ақмола 29 Қыркүйек, 10:06

Денсаулық – зор байлық. Әр адам салауатты өмір салтын ұстану қажет. Дұрыс тамақтанып, дене тәрбиесімен шұғылдану керек.

Ерейментау қаласында «Біз – салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен кең көлемді акция өткізілді, акцияға қала ұйымдары мен кәсіпорындары, оқушылар мен студенттер қатысты.

Іс-шара «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасындағы шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған.

Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғманов өзінің құттықтау сөзінде СӨС ұстанудың және денсаулық фестивалінің өткізілуіндегі маңыздылығына  тоқталып кетті.  

Аталмыш шара таңғы жаттығудан басталды. Әрі қарай «Президенттік жарыс» өткізіліп, оған 600-ден астам адам қатысты.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика