Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысында бизнес арқылы жұмыс орындары ашылуда

Шортанды ауданында 12 адам шағын несие алып, өздерінің бизнестерін кеңейтуге мүмкіндік алды – деп Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.
Ақмола29 Қыркүйек , 10:23

«Нұр Отан» партиясы «Мықты бизнес – мықты мемлекет» жобасы аясында ауылдық жерде бизнестің дамуына септігін тигізуде.

Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлікті қолдау, экономикалық белсенділікті арттыру болып табылады.

Ағымдағы жылы екінші бағыт бойынша 12 адам кәсіпкерлік қызмет негізінен Астана қаласындағы Қазақстандық кәсіби академияда білім алған.

Осы жылы 17 бағдарлама қатысушысына шағын несие беру жоспарлануда. Ақмола облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қолдау қаржы қоры» АҚ мен Шортанды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру орталығына 17 қатысушы осы бағдарламаға жіберілді, олардың 12-сіне несие берілген.

Несие алған Шортанды ауданының тұрғындары өздерінің бизнес жоспарына сәйкес, жаңа құрал-жабдықтар, ірі және ұсақ мал, жылқы және қой сатып алуда.

Өз кәсібін ашқан тұрғындар Астана қаласын табиғи таза өніммен қамтамасыз ете алады.

  

 

 




Яндекс.Метрика