Халықаралық интеграция

Астанада зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде халықаралық форум өтті (ФОТО)

Бас прокуратурада Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының бастамасы бойынша «Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі» атты халықаралық форум болып өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 15:34

Жиын жұмысына Қазақстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның құзыретті органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және осы салада маманданатын сарапшылар қатысты.    

Іс-шараның басты міндеттерінің бірі құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғамның зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимылдағы өзара сындарлы әрекеттестігін қалыптастыру болып табылады.

Отырыс барысында Орталық Азия өңіріндегі тайталастықтар мен қауіп-қатерлердің сәйкестендірілуі, зорлық-зомбылық экстремизге қарсы іс-қимылдағы халықаралық ынтымақтастықтың  мүмкіндіктері мен келешегі мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптар бойынша пікірсайыстар өрбіді.  

Форумға жиналғандар отырыс қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмнің кез келген түрлері мен көріністері қайдан шыққандығына қарамастан Орталық Азия елдерінің құқық қорғау және басқа да құзыретті органдарының оларды анықтап, жолын кесуде өзара іс-қимыл жасасу жолдарын жетілдірудің қажеттілігі қарастырылған бірлескен коммюнике қабылдады.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар осы салада құқық қорғау органдары мен тәуелсіз сарапшылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

 





Яндекс.Метрика