Парламент

Мәжіліс бюросында жалпы отырыстың күн тәртібі талқыланды

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 14:46

Халық қалаулылары назарына қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет, органикалық өнім өндіру, Ақпаратқа қол жеткізу және Еңбек кодексі жобасына қатысты заң жобаларын ілеспе құжаттармен  бірінші оқылымда,  ал қоғамдық кеңестер туралы заң жобасын ілеспе құжатпен екінші оқылымда қарау ұсынылған.

Сонымен қатар, жалпы отырыстың күн тәртібіне   халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда, жергілікті полиция қызметінің жұмысына байланысты түзетулер екінші оқылымда енгізіліп отыр.  

Осы күні Мәжіліс депутаттары волонтерлік қызмет туралы заң жобасына қатысты бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.  

 

 




Яндекс.Метрика