Парламент

Сенатта сәулет және қала құрылысы қызметі мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инвестициялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 14:29

Заң жобасы құрылыс сапасы, жеке жауапкершілікті енгізу, сонымен қатар сәйкесінше терминологияны жүргізу бойынша кешенді құқықтық қарым-қатынасты реттеуге бағытталған.

«Заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жасақтады. Оған Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында 46,48,49 қадамдарға сәйкес түзетулер енгізілген», - деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Логутов.

Мәжілісменнің айтуынша, аталмыш құжатта Жер кодексіне,  дәлірек айтқанда  нысандардың құрлысы үшін жер телімдерін беру мәселесіне қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген. Бұдан басқа Су кодексіне және Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне де өзгертулер енгізілетін болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика