Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР ҰКП: Қазақстан колледждерінің 14 мыңнан астам студенті дуальды бағдарлама бойынша білім алуда

Қазақстан колледждерінің 14 мыңнан астам студенті дуальды бағдарлама бойынша білім алуда.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ұлттық кәіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 14:05

«Ел бойынша индустрияландыру ісі қарқын алған. Әртүрлі салада ашылып жатқан кәсіпорындар жаңа технологиялар мен жаңа құрылғыларды әкелуде. Еліміз инвесторларды көптеп тартып жатқанымен, кадр даярлау ісі әлі де ақсап тұр, яғни, индустрияландырудың артынан еріп үлгермей жатырмыз. Жаңа құрылғыларды еркін меңгерген маман табу қиын. Білікті маман тапшылығы ел экономикасының бұдан да жақсы дамуын тежеп отырған факторлардың бірі»,-дейді Н.Алтаев. 

Кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ұлттық палата нақты статистика алу үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге 5500 кәсіпорында сауалнама жүргізілді.

Зерттеу нәтижесі осы 5500 кәсіпорын 67 733 адамға жұмыс ұсынуға дайын екенін көрсеткен. 

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге Қазақстан бойынша 5500 кәсіпорында сауалнама жүргізді. Біз осы кәсіпорындарға 67733 маман қажет екенін анықтадық»,-дейді Н.Алтаев.

Кәсіпорындардың колледждердің жұмысын басқаруға қатысты 34 келісім шарт жүзеге асты, кәсіпорын оның басқаруына қатысып, маман дайындауға тапсырыс береді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика