Парламент

Сенатта Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту заңына енген өзгерістер қабылданды

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 13:39

Ж.Қасымбек атап өткендей, заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 қадамын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. 

«Осы заң жобасымен 12 заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. 58-қадам бойынша жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі бірыңғай ұлттық операторды құру үшін стратегиялық инвесторды тарту қарастырылған. 2013 жылы автожол саласында реформа жүргізілді. Нәтижесінде автомобиль жолдарын басқару бойынша ұлттық оператор құрылды», - деді ол. 

Вице-министрдің сөзінше, бүгінгі күні ұлттық оператордың қызметін одан әрі жетілдіру қажеттілігіне орай бюджет кодексіне және «Автомобиль жолдары туралы» заңға түзетулер енгізу ұсынылып отыр. 

«Бюджет кодексіндегі өзгерістер мемлекеттік емес қаражатты тарту үшін ұлттық операторға мемлекеттік кепілдік алып, нәтижесінде инвестордың қаржысы есебінен жолдарды салу және ақылы жүйені енгізуге мүмкіндік береді.

«Автомобиль жолдары туралы» заңына өзгерістер енгізу ұлттық операторға автожолдарды күтіп ұстау мен жол бойындағы сервисті дамыту бойынша функцияларды беруді, мемлекеттік материалдық ресурстарды оңтайландыруды қарастырып, жолдарды дамытады, оның жай-күйі мен қауіпсіздігіне жауапты тұлғаны анықтайды», - деп толықтырды Ж.Қасымбек.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика