Парламент

Қ. Өскенбаев: Қазақстанда 2018 жылдан бастап жергілікті басқару органдарының дербес бюджеті құрылады

Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 13:25

«Заң жобасы арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігі кеңейтіледі. Бұл мақсатта жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша екі салықты беру арқылы қолма-қол ақшаны бақылау шотын кеңейту шаралары қарастырылмақ», - дейді Қ.Өскенбаев.

Оның айтуынша, биыл жергілікті басқаруға төрт салық берілген. Ендігі күні бұған қосымша тағы екі салық жергілікті өзін-өзі басқаруға берілмек.

«Біз алты салықтың түрін ауылдарға беріп отырмыз, ол 30 млрд теңгеге жуық қаражатты ауылдарға түсетінін білдіреді. Әрине, бұнымен шектелмейміз. Жыл сайын осылай біртіндеп беріледі. Ал 2020 жылдан бастап өкілетті органдардың жиналысын күшейту көзделеді», - деді Қ. Өскенбаев.  

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық дербестігін кеңейту мақсатында заң жобасымен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын коммуналдық басқару процестеріне тарту көзделеді. Бұдан басқа жергілікті ауыл әкімдеріне жеке тұлғалардың аумағындағы жер учаскесін мақсатсыз пайдалануға және заңсыз алуға жол бермеуін бақылау үшін құзыреттер беріледі.

Вице-министрдің айтуынша, ауыл әкімдеріне жергілікті бюджетті берумен қатар, бюджетті қалыптастыру процесіне жергілікті қоғамды тарту шаралары да кеңейе түседі.

Тұтастай алғанда, заң жобасының талабына сәйкес, 2018 жылдан бастап ауылдарға өз бюджеттері беріледі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика