Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Б.Нурымбетов: Қазақстандағы еңбек күнінің негізгі мақсаты – жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау

Қазақстандағы еңбек күнінің негізгі мақсаты – жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау. Бұл туралы ОКҚ брифингісінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мəлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:57

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамын жүзеге асыруда  Ұлт жоспарының 88-ші жоспарын орындау үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары 2015-2016 жылдарға арналған Еңбек күні мерекесін өткізу шаралар жоспарын бекітті», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, мерекенің негізгі мақсаты еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау болып табылады.

«Бұл еңбек етушілерге деген құрмет, қоғамда өз  жұмыстарын адал атқарып жүрген қызметкерлерге алғыс айту», - деді Б.Нұрымбетов.

Еңбек күніне арналған шаралар республика бойынша өтуде.

«Кәсіпорындарда жастардың қатысуымен ашық есік күндері өтуде.  «Өз ісінің үздігі», «Ең жас жұмыскер», «Жастарға демеу көрсететін жетекші» атты өңірлік байқау өтуде», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда Еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде өтеді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика