Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Экономиканың бәсекелестігіне үлес қосқан қазақстандықтарға «Еңбек даңқы» дəрежесі беріледі

Экономиканың бәсекелестігіне үлес қосқан қазақстандыққа «Еңбек даңқы» дəрежесі беріледі.Бұл туралы ОКҚ брифингісінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мəлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:32

«2015 жылдың наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Еңбек даңқы» төс белгісінің ІІІ дəрежесін алған азаматқа бірден «Қазақстанның Еңбек ері» мәртебесі беріледі. 2013 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Еңбек күні бекітілген болатын. Бұл мереке жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланады. Ал биыл Мемлекет басшысының наурыз айындағы Жарлығына сəйкес, жаңа үш дəрежелі үш «Еңбек даңқы» төсбелгісі бекітілді. Айта кетерлігі, «Еңбек даңқы» төс белгісінің үш дəрежесіне ие болған азамат мəртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие азаматтармен теңеседі.

Б.Нұрымбетовтың айтуынша, марапат ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға жəне ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі нəтижелі жұмысы үшін тек қарапайым жұмысшылар мен еңбек адамдарына беріледі. «Еңбек даңқы» ордені алғаш рет алдымыздағы Тəуелсіздік күніне орай тапсыру жоспарланып отыр.

2014 жылы Елбасының тапсырмасына орай, елімізде «Еңдек ардагері» медалі пайда болды. Бұл медаль өзінің еңбек жолында жоғарғы нəтижелерге қол жеткізген зейнет жасындағы адамдарға беріледі.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика